13 қазан күні Apple компаниясы iPhone 12 смартфондарын “Hi Speed” слоганымен таныстырды.
12-ші смартфонның 4 түрі бар: iPhone 12 mini, iPhone 12, iPhone 12 Pro және iPhone 12 Pro Max.
Презентацияда компанияның бас директоры Тим Кук iPhone 12-нің 5G стандартымен жұмыс істейтінін айтты.
iPhone 12
Жаңа модельдердің бәрі тегіс алюминий жақтаумен қапталған. iPhone 12 экранының диагоналі – 6,1 дюйм, 2532×1170 пиксель. Смартфон iPhone 11-ге қарағанда 11% жұқа және 15% кіші. Ceramic Shield қапталғаны үшін, қатты соққыға шыдамды. iPhone 12-нің камерасына түнгі режим мен түнгі таймлапс қосылған. Тағы бір ерекшелігі – қайта қолданылып жатқан MagSafe технологиясы. Бұл – корпусқа жалғанатын магнит, оның көмегімен смартфон сымсыз қуатты жылдамырақ алады.
iPhone 12 mini
Бұл смартфон төрттіктің ішіндегі ең кішкентайы. Ол iPhone 8-ден де кіші. 2340х1080 пиксель болатын бұл смартфонның экраны – 5,4 дюйм. iPhone 12 mini басқа сипаттамалары дәл iPhone 12-ге ұқсайды. Айырмашылығы тек көлемінде ғана. Екі модельдің қара, ақ, қызыл, көк және жасыл түстері бар.
iPhone 12 Pro және Pro Max
iPhone 12 Pro 6,1 дюймдік дисплейге ие, ал Pro Max – 6,7 дюйм. Камералардың зум жақындату сапасы жақсартылған. iPhone 11-ге қарағанда қараңғыда суретті сапалырақ түсіреді. Сонымен қатар компания ProRAW технологиясын таныстырды. Ол кадрларды өңдеуге көмектеседі. Дегенмен бұл технология iOS операциялық жүйесінің алдағы жаңаруында қосылады. iPhone 12 Pro мен Pro Max-тың өзге артықшылықтары – 4K HDR Dolby Vision форматында видео түсіруі, шаң мен судан қорғайтын қабат және жақсара түскен автономды жұмыс. MagSafe магниттері де бар. iPhone 12 Pro мен Pro Max алтын, күміс, графит және көк түспен сатылады.