Жасанды интеллект көне жазбаларды оқуға көмектеседі

0
200

Ежелгі қолжазбалардың мұрағатынан керекті фрагментті қалай жылдам табуға болады? Осы уақытқа дейін компьютерлер мұндай мәтінді оқи алмады. Алайда, қазір аталмыш жазбалар жасанды интеллекттің көмегімен қолжетімді болды.

Австрияның Инсбрук қаласындағы Тироль мемлекеттік мұрағатында көптеген көне жәдігерлер сақталған. Олардың кейбірі XI ғасырға тән. Мұнда ресми актілер, құқықтық құжаттар және басқа да маңызды қолжазбалар бар. Көне кітаптарды электронды түрге айналдыру оңай емес. Бірақ архив ғалымдары соңғы компьютерлік технологияларды қолдана отырып жұмыс жасайды.

“Мұндай күрделі қаріптерді оқығанда жаңа технологиядан да проблема шығады. Бірақ қолжазба үшін каллиграфия технологияны қолданудың өзіндік артықшылығы бар”, – дейді мұрағат директоры Кристоф Хейдахер.

Көне кітаптарды цифрландыру үшін “Еуразия” зерттеу жобасының ғалымдары “READ” атты жүйе әзірледі. Ол – смартфондарға арналған арнайы бағдарлама. Кітап беттерін парақтағанда бағдарлама жазбаларды жоғары сапада суретке түсіріп алады.

“Бұл ескі технологиялық әдістер мен жаңаның үйлесімі. Мына кішкене шатыр қарапайым, төмен технологиялық аксессуар. Алайда, ол смартфонға орнатылған жоғары технологиялық бағдарламамен жұмыс істейді. Құрылғы “Transcribus” платформасына қосылған. Қосымша серверге суреттерді жүктейді және қолжазбаны таниды”, – дейді “READ” жобасының үйлестірушісі Гюнтер Мюлбергер.

“Transkribus” платформасы күрделі қолжазбалармен арнайы жоспар арқылы жұмыс істеуге көмектеседі, әрі жылдар бойы атқарылатын тапсырмаларды аз уақытта тындырады.

Ғалым Марио Клерер бұл технологияны Орта ғасырда тапсырыспен жазылған “Кейіпкерлер кітабын” неміс әдебиетінде түсінікті ету үшін қолданып жатыр.

“Технологияның ерекшелігі сурет пен мәтін арасындағы байланысты өте қарапайым тәсілмен сақтап қалатындығында. Мұның көмегімен еңбек зерттеушіге толықтай қолжетімді болады. Меніңше бұл көне мәтінді оқудың ең тиімді тәсілі”,- дейді профессор Марио Кларер.

Бұл жүйе кез келген тілде мәтінді шифрлауға қабілетті. Ол көптеген елден тіл мамандарын, ғалымдарды, архивистерді және еріктілердің басын қосты. Әзірлеушілер “Транскрибусты” бүкіл әлемдегі тұтынушыларға коммерциялық қол жетімді етуді жоспарлап отыр.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз