Бразилияның шығысында су бөгеті жарылып 65 адам көз жұмды. Тағы 292 адам іс-түссіз жоғалғандардың қатарында.
Бөгетке метоллургиялық өндіріс қалдықтары төгілетін дамба жарылған кезде лай аралас тасқын жол бойындағы бірнеше шахтаны, асхана мен тұрғын үйлерді басып қалған. Кей жерлерде лайлы батпақтың қалыңдығы 15 метрге дейін жеткен.
Бұл су бөгетінің жарылуы «Вали» компаниясында туындаған екінші апат. Алғашқысы 2015 жылы болған еді. Осы сынды шахтаның бірінде бөгет құлап, 19 адам қаза тапқан болатын.
Апаттық-құтқару жұмыстары бірнеше аптаға созылуы мүмкін. Сондай-ақ өндірістік қалдықтар Брумардиньо қаласындағы елді мекенге жайылып кетті. Әзірге апаттың нақты себебі анықталған жоқ. Вали компаниясының мәліметі бойынша осыдан екі апта бұрын неміс мамандары бөгетті тексеріп, ешбір ақау таппаған.