ІІМ: “Гарант 24 Ломбард” жөніндегі тергеу тоқтатылды

0
138

12 қараша күнгі брифингте ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов “Гарант 24” және “Estate Ломбард” қаржы пирамидаларына қатысты тергеудің аяқталғанын айтты. 

Жалпы қаржы пирамидаларына қатысты істердің тергелуі:

  • Осы күнге дейін 25 мыңнан астам тұрғын қаржы пирамидаларына шағымданып, арыз жазған;
  • Олардың арызы бойынша шығындар 33 млрд 250 миллион теңгеден асады;
  • Алданғандардың көбісі Батыс және Оңтүстік Қазақстанның тұрғындары.

“Гарант 24” және “Estate Ломбард” тергеу ісі бойынша:

  • Осы күнге дейін 18 мыңнан астам тұрғын шағымданып, арыз жазған;
  • Олардың арызы бойынша шығын 22 миллиард теңгеден асады.

“Гарант 24” және “Estate” ломбардтары үшін 150-дей тергеушілерден тұратын арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Тергеу нәтижесі бойынша 56 адам қылмыстық жауапқа тартылды. Оның ішінде 30 адам қамауда, 5 адам халықаралық іздеуде. Күдіктілердің көбі шетелде ұсталды.” – деді Әділов.

Қолға түскен қылмыскерлерден 70 миллион теңге ақшалай және әр түрлі мүліктер тәркіленген:

  • 15 жеңіл көлік
  • 2 жүк көлігі (самосвал)
  • 2 автокран
  • 1 қар үсті көлігі
  • 29 үйлер мен пәтерлер
  • 3 жер учаскесі
  • 5 автотұрақ
  • 1 дәмхана

Бұлардың жалпы құны шамамен 5 миллиард теңгеден асады. Ендігі тергеу аяқталуына байланысты жәбірленушілер өз мүліктерін соттың шешімі бойынша алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз