Өткен тәулікте Қазақстанның үш өңірінде коронавирус анықталмады

0
74
Photo: interfax

Қазақстанда өткен тәулікте Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстарында бірде-бір адам вирус жұқтырған жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Елде бір күнде 88 адамнан коронавирус табылды. Оның ішінде 33 адамда клиникалық белгілері жоқ.

Жаңа жағдайлар Нұр-Сұлтан қаласы (18) мен Шығыс Қазақстан облысында (14) көп тіркелді.

Індетке шалдыққандар жалпы саны бойынша Алматы (14 238), Нұр-Сұлтан (13 851) қалалары мен  Атырау облысы (10 931) алда тұр.

Елде ауырғандардың жалпы саны 106 032 адамға жетті. 97 967 науқас жазылып, 1 588 адам қайтыс болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз