85 мың тонна бензин шетелге экспортталады

0
26

Соңғы 5 айдың қорытындысы бойынша елімізде бензин 13,8%, дизель отыны 13,2%, әуе керосині  298,6 % артық өндірілді. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты

Отандық Аи-92 және Аи-95 бензиндері 20-30% көп өндірілген. Соның арқасында АИ-92 бензиніне бөлшек сауда бағасы бір жыл ішінде 6,9 пайызға төмендеді. Яғни бір литрі үшін 147,6 теңге болып тұр. АИ-95 және Аи-96 бензиндерінің бағасы да 3,8 % төмендеп, бір литрі үшін 168,6 теңге болды. Жазғы дизель отынының бағасы 1 % төмендеп, бір  литрі 191,8 теңгеге сатылып жатыр», – дейді Энергетика министрі.

Қанат Бозымбаев мұндай профицит мұнай өңдеу зауыттарының толып кетуіне алып келген.

«Осының арқасында мұнай өңдеу көлемі амалсыздан төмендеді. Ал ол дизель мен әуе керосинінің өндірісіне кері әсер етуі мүмкін еді. Сондықтан, ішкі нарықты бақыланбайтын экспорттан қорғау үшін ашық түсті мұнай өнімдеріне экспорттық кедендік баж төмендетілді. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерге бензин экспорты ашылды. АИ-92 бензинін 60-70 мың тонна көлемінде, ал Аи-95 бензинін 10-15 мың тонна көлемінде экспорттауды жоспарлап отырмыз», – дейді Қанат Бозымбаев.

Министрдің айтуынша, үш бірдей мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары аяқталғандықтан ішкі нарықтың бензин, дизель және керосинге деген сұранысы отандық өндіріс есебінен 100% қамтылып отыр.

Сондай-ақ, министр Қазақстан бензинін экспорттау бойынша шетелдік өкілдермен келісімдер жүріп жатқанын атады.

«Біздің Еуразия экономикалық одағындағы әріптестеріміз де бензин экспорттауымызға қызығушылық танытып отыр. Біз олардың алдына нақты талаптар қойдық», – деді министр.

 

 

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз