Доллар неге күрт қымбаттады?

0
66

9 наурызда мұнай бағасы құлдырағаннан кейін Қазақстанда доллар күрт қымбаттап Ұлттық банктің ресми бағамы бір доллар үшін 382.05 теңгені көрсетті. Алайда ақша айырбастау пунктерінде доллар 400 теңгеге сатылған.

Сарапшылардың айтуынша, доллар бағамының өсуі әлемде мұнай бағасының 30%-ға төмендеуіне байланысты. Қазір қара алтынның құны барреліне 30 доллар. Бұған ОПЕК+ келісіміне қатысушы мұнай экспорттаушы елдердің 6 наурызда Венада мұнай өндірісі көлемін азайтуға байланысты ортақ шешімге келе алмағаны себеп болған. Сондай-ақ, коронавирус індетінің де кері әсері тиген.

10 наурыздағы үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев әлемдегі мұнай бағасының неге төмендегенін түсіндірген.

Оның айтуынша Ресей мұнайды өндіру мен бағасын арзандату ұсынысын қолдамаған. Осыған байланысты Сауд Арабиясы 8 наурызда әлемнің барлық өңірі үшін өз мұнайының бағасын төмендету және мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 миллион баррельден 12 миллион баррельге дейін ұлғайтуға дайын екені туралы шешім шығарған.

18 наурыз күні ОПЕК техникалық комитетінің отырысы өтетіні туралы ақпарат бар. Кездесуде тараптар ортақ келісімге келеді деген болжам жасалып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз