Доллар құны 390 теңгеге жетті

0
22
Сурет: utro.ru

7 тамызда Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір теңге 388-390,4 теңге аймағында саудаланып жатыр. Бұл – Қазақстанның валюта нарығындағы жаңа рекорд. Бұған дейін доллар бағамы 390 теңгеге жетпеген.

Ал Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 доллардың құны 387,44 теңге болып тұр. Ұлттық банктегі бір доллар – 386,94 теңге.

Қазақстанда биыл шілденің аяғынан бастап теңге күрт құнсызданып, доллар бағамы өсіп келеді. Ұлттық банк пен Нұр-Сұлтан теңге құнының төмендеуіне қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Осыдан он жыл бұрын, 2009 жылы бір доллардың құны 150 теңге шамасында болған. 2014 жылғы девальвациядан кейін доллар 185 теңгеге өсті. Қазақстан 2015 жылы теңгені еркін айналымға жіберіп, валюта бағамын реттеп отырудан бас тартатқан. Осыдан соң доллар 350 теңгеге дейін жетті. Қазақстан теңгені еркін айналымға жібергенімен Ұлттық банк бірнеше рет интервенция жасап, валюта бағамын ұстап тұруға миллиондаған доллар қаражат жұмсаған.

Азаттық сайтының хабарлауынша, Қазақстан билігі теңгенің құнсыздануын сыртқы факторлармен, оның ішінде дамушы елдер валюталарының құнсыздануы және АҚШ-тың Ресейге жаңа санкциялар салуымен байланыстырады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз