Нарықта доллар бағамы 396 теңгеге дейін арзандады

0
299

3 маусым күні Қазақстан қор нарығында доллар бағамы наурыз айынан бері алғаш рет 400 теңгеден төмен түсті.

Таңғы сауда сессиясының қорытындысы бойынша, бір доллар 396,7 теңге болған. Сейсенбі күні кешке бір доллар 402,2 теңге болған еді. Kurs.kz сайтындағы мәлімет бойынша, Алматы қаласының айырбастау пунктерінде күндіз бір доллар 396-398 теңгемен сатылған, 399-400 теңгемен қабылдаған.

Ірі өндірушілер мұнай көлемін қысқартады, коронавирус індетінен кейін шикізатқа сұраныс қайта артады деген болжам пайда болған шақта сәрсенбі күні Brent маркалы мұнай бағасының бір баррелі 40 доллардан сатылды.

Наурызда құрамына Ресей және Қазақстан кіретін ОПЕК+ тобы мұнай көлемін қысқарту туралы келісе алмай, ізінше теңге күрт құнсызданған. Коронавирус індеті және соның әсерінен экономикалық белсенділіктің азаюы мұнайға сұранысты күрт азайтқан болатын. 12 наурызда Алматы мен Нұр-Сұлтан айырбастау пунктерінде бір доллар құны 400 теңгеден асып кетті.

Қазақстанның экономикасы шикізат экспортына 85 пайызға тәуелді. Мұнай бағасы арзандаса, елдің негізгі табыс көзі – экспорттан түсетін түсім де азаяды.

Деректерге сүйенген Reuters ОПЕК+ елдерінің мұнай көлемін күніне 9,7 миллион баррельге дейін азайту мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады. Бұл әлемдік өндірістің 10 пайызына пара-пар. ОПЕК+ жиыны 9-10 маусымда өтуі тиіс, бірақ 4 шілдеге ауыстырылуы мүмкін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз