“Қазақ поэзиясының інжу-маржандары” оқырманға жол тартты

0
189

26 тамыз күні Елордадағы Ұлттық кітапханада “Қазақ поэзиясының інжу-маржандары” антологиясының тұсаукесері өтті. 

“Қазақ поэзиясының інжу-маржандары”

Аталған топтамаға 13 ақынның шығармалары енгізілген. Олар: Абай, Шәкәрім, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Қасым Аманжолов, Жұбан Молдағалиев, Жұмекен Нәжімеденов, Тұманбай Молдағалиев, Қадір Мырзәлі, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова, Олжас Сүлейменов және Мұхтар Шаханов.

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

“Мемлекет басшысы көркем әдебиетіміздің дамуына әрдайым қолдау көрсетіп, барлық мүмкіндікті жасап отырғанын білесіздер. Осы 13 томдықтың әрбірі кіріспесінде жеке-жеке тоқталып, өзінің алғы сөзін қалдырып отыр. Жүректе буырқанған ұлттық рухты, тың серпін беретін ақындарымыздың жалынды жырларының топтамасы құтты болсын дейміз. Оқырман қауымның “Жалғасын таба ма?” деген көкейінде сауалы барын білеміз. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы алғы сөздерінің бірінде “алдағы уақытта осы топтама жалғасын тауып, көрнекті ақындарымыздың шығармаларын жарыққа шығара береміз деген сенімдемін” деп атап өткен. Жоғарыдағы сұрақтың жауабы осы деп ойлаймын”, – деді Ұлттық кітапханада өткен тұсаукесерде модератор болған Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Қазақстан Жазушылары Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.

“Мемлекет басшысының және одан бергі министрліктер, мемлекеттік хатшы – барлықтарының әдебиетке деген оң көзқарасы қалыптаса бастағаны қуантады. Жазушылар одағына көптен бері жасалмаған жөндеу жасалғалы отыр. Қомақты қаражат бөлінді. Ұсынған жобаларымыз мақұлдануда. Осының бәрі әдебиетке көңіл бөлінгендігінен деп есептейміз”, – деді тұсаукесер барысында Қазақстан Жазушылары одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.

Жиын барысында белгілі ақын жазушылар сөз алып, ризашылықтарын білдірді. Кейбір қазақ ақындарының жинаққа енбей қалғандығын ескертіп, келесіде сол ақындар легін жарыққа шығаруға ұсыныс тастады.

 

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз