Қасым-Жомарт Тоқаевтың 4 мамырдағы жарлығымен Дәурен Абаев Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасарлығына тағайындалды. Ол ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылды.
1979 жылы Алматы облысында туған Дәурен Абаев көп жыл Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы болған, соңғы жылдары ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметін атқарған.
Қасым – Жомарт Тоқаев оған дейінгі жарлығымен Мәулен Әшімбаевты Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатып, парламент сенатына депутат етіп тағайындаған.