Мәулен Әшімбаев Сенат депутаты атанды

0
131
Мәулен Әшімбаев. Photo: sputniknews.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Мәулен Әшімбаевты Сенат депутаты етіп тағайындады. Бұл ақпаратты Ақорда баспасөз қызметі таратты.

Мәулен Әшімбаев 1971 жылдың 28 қаңтарында Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және социология факультетін бітірген.

1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеген. Қазақстан президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры, президент әкімшілігі басшысының орынбасары болған.

Қазақстан парламенті мәжілісінің V шақырылымының депутаты халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған. Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз