Оксфорд университеті: коронавирусқа қарсы 320 адамға жасалған вакцина оң натиже көрсетті

0
103

Коронавирусқа қарсы лабораториялық жұмыстармен айналысып жатқан Оксфорд университеті індетке қарсы вакцинаның 320 адамға жасалған зерттеуінен оң натиже алған. Вакцина маусым айының ортасында нарыққа шығады деген болжам бар.

“Бұл жұмыс әлі де жалғасуда, нақты ештеңе айту мүмкін емес. Қазіргі уақытта бұл вакциналар адам ағзасынан оң нәтиже беруде. Маусымның ортасына дейін жасалған жұмыстармен бірге жақсы өзгерістер болады деп ойлаймын” деді Оксфорд университетінің профессоры Джон Белл.

Университет мұнымен қоса Ұлыбританиядағы ең ірі фармацевтикалық компаниялардың бірі AstraZeneca-мен келісім жасаған.

Қазіргі таңда әлем бойынша ресми түрде 3 млн 400 мыңнан аса адам бұл індетті жұқтырған. 239 мыңнан астамы көз жұмған.

Мерей Кенжеғали

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз