Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы баяндады.
Қаржы министрлігіне 26 тармақтың орындалуы бекітілген, соңғы екі жылда оның 15-і толық көлемде аяқталды.
«Осы шараларды жүзеге асыру кедендік тексерулердің тиімділігін арттыруға, камералық бақылауды жақсартуға, кедендік рәсімдерді оңтайландыруға және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қосымша шаралар әзірлеуге мүмкіндік берді. Жалпы, жүзеге асырылып жатқан шаралар соңғы 3 жылда ішкі жалпы өнімдегі көлеңкелі экономиканың үлесін 27%-дан 19,75%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік беріп, бюджетке 2 трлн теңге қосымша кіріс түсті», – деп атап өтті Ерұлан Жамаубаев.
Сондай-ақ ұқсас статистикада Қытай арасындағы сәйкессіздіктерді азайтуда оң нәтижеге қол жеткізілді. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша жекелеген тауарлар бойынша өзіндік құн көрсеткіштері 2,5 есеге өсті. Экспорттық декларацияларды онлайн алмасу жолға қойылды.
Орталықтандырылған бақылауды және шекарадан өтуді автоматтандырылған бақылауды қамтамасыз ету, адами факторды жою және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында Диспетчерлік бас басқармасы құрылды.
«Нәтижесінде, 2022 жылдың қорытындысы бойынша кедендік төлем мен салық көлемі 3,4 трлн теңгеге жетті, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 50%-ға артық», — деді Ерұлан Жамаубаев.
Пилоттық жоба жүзеге асырылған 2 жыл ішінде айналым сомасы 4,1 трлн теңге болатын жалған мәмілелер жасасқан 9 мыңға жуық қатысушының қызметі анықталды және шектелді. 1 трлн теңге сомасына өзара есеп айырысатын 4 мыңнан астам субъектіні тіркеу сот органдары арқылы жарамсыз деп танылып, 402 млрд теңгеге 3 890 мәмілені соттармен жарамсыз деп танылды.
Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елдің транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында кедендік транзитті жеңілдету бойынша «Қазақстан теміржолы» АҚ-мен бірлесе жұмыстардың жүріп жатқанын жеткізді. Теміржол тасымалдаушысы мен мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерін интеграциялау, оның ішінде аралас қызметтерді бақылауды жеңілдете отырып, транзиттік декларациялар шығару көзделіп отыр. Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға «үздіксіз» транзитпен жүретін тауарларға транзиттік декларацияларды автоматты түрде тіркеу және шығару енгізілуде.
Көлеңкелі экономиканың төмендеуі бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтудың негізгі факторы болып табылатынын ескере отырып, министрлік жаңа Кешенді жоспарға қосымша іс-шаралар енгізді. Бұл — электрондық тауарға міндетті ілеспе құжаттарды енгізу жолымен мұнай және мұнай өнімдері айналымы саласындағы бақылауды күшейту.