Нұр-Сұлтан мен Алматыда демалыс 13 сәуірге дейін созылды

0
116
Астана қаласы.

Қазақстанда мемлекеттік комиссия Алматы мен Нұр-Сұлтандағы демалысты 13 сәуірге дейін созды. Демалыс кезінде халық жұмыс істемейді, көшеге тек азық-түлік, дәрі-дәрмекке ғана шыға алады. Дәрігерлер, полицейлер, коммуналдық қызметкерлер ғана жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, мемлекеттік комиссия Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкентте тез салынатын аурухана тұрғызу туралы шешім қабылдаған.

Мемлекеттік комиссияның шешіміне сай, Шымкент те 4 сәуірден бастап карантинге жабылмақ. Қазір Қазақстанның барлық облысында карантинде я шектеу қойылған.

Қазір Қазақстанда 453 адамнан вирус табылды. 29 адам (Алматыда 13 науқас, Нұр-Сұлтанда 16 науқас) Covid-19 дертінен айықты. Үш адам қайтыс болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз