Әлемде коронавирус жұқтырғандар бір миллионнан асты

0
77
Photo: cnn.com

Дүниежүзінде коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар бір миллионнан, қайтыс болғандар елу мыңнан асты. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады.

Қазір әлемде 1 002 159 коронавирус жұқтырды. Covid-19 дертінен 51485 адам көз жұмды. 208949 адам аурудан жазылды.

АҚШ (236339 адамға жұғып, 5800 адам қайтыс болды), Италия (115242, 13912), Испания (110238, 10096), Франция (59929, 4503), Иран (50468, 3160) қатты зардап шегіп жатыр.

Вирус алғаш таралған Қытайда 82432 адамға вирус жұғып, 3318 адам көз жұмды. Бірақ кейінгі бір аптада бұл елде вирус жұқтырғандар күрт азайды. Ресми Пекин өткен аптада коронавирусты жеңгенін хабарлаған. Вирус алғаш тараған Хубэй провинциясы 28 наурызда екі айлық карантиннен босатылған.

Қазақстанда 453 адамға вирус жұқты. 29 адам дертінен айықты. 3 адам қайтыс болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19 дертін “пандемия” деп жариялаған. Қазір әлемнің көп елінде төтенше жағдай мен карантин.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз