Қостанай облысынан да коронавирус табылды

0
80

3 сəуірде Қазақстанда тағы жеті адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі сағат 18:10-да хабарлады. Вирус жұқтырғандардың бірі Қостанай облысында. Бұл – Қостанайда дертке шалдыққан алғашқы адам. Бұдан бөлек, Түркістан облысында үш адам, Жамбыл облысында екі адам, ШҚО-да бір адамға вирус жұқты.

Осылайша, Қазақстанның барлық аймағында коронавирус табылды.

Қазір Қазақстанда 460 адамнан вирус табылды:

  • Нұр-Сұлтан – 199,
  • Алматы – 93,
  • Қызылорда облысы – 26,
  • Қарағанды облысы – 22,
  • Атырау облысы – 20,
  • Ақмола облысы – 19,
  • Түркістан облысы – 19,
  • СҚО –18,
  • Шымкент – 11,
  • Алматы облысы – 9,
  • Жамбыл облысы – 8,
  • Ақтөбе облысы – 7,
  • ШҚО – 4,
  • БҚО – 2,
  • Павлодар облысы – 1,
  • Қостанай облысы – 1,
  • Маңғыстау облысы – 1.

Қазақстанда 29 адам дертінен айықты. Үш адам қайтыс болды.

3 сәуірде Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов брифинг өткізіп, елде Covid-19 дертіне шалдыққан 11 адамның халі ауыр екенін мәлімдеді. Біртановтың айтқандары:

  • Қазақстанда 28 медициналық қызметкерге коронавирус жұққан.
  • Қазір Covid-19 дертіне шалдыққан 11 науқастың жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр. Бір науқастың жағдайы тым ауыр. 68 адамның жағдайы орташа, 341 адамның жағдайы жақсы я симптомы жоқ.
  • Қазақстанда вирус жұқтырған 450-ден астам науқаспен 13467 адам байланыста болған. Олардың арасында 442 адам елден шығып кеткен. 13025 адам Қазақстанда. Қазір вирус жұқтырғандармен байланыста болған 96,7% оқшауланған.
  • Вирус тараған ошақтар ауылдарда да бар.
  • Алматы мен Нұр-Сұлтанда енгізілген қатаң карантиндік шаралардың арқасында коронавирустың таралу деңгейі тұрақтанды. Вирус жұқтырғандар саны күніне 30 пайыздан аспайды. Эпидемияның деңгейі төмендеп келеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз