Министр: Қазақстандағы интернет 2,5 миллион баланы онлайн оқытуға қауқарсыз

0
86
Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. 3 сәуір, 2020 жыл. Нұр-Сұлтан қаласы.

3 сәуірдегі баспасөз брифингінде Қазақстан білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елдегі интернеттің онлайн сабақ өткізуге мүмкіндігі жетпейтінін айтты.

Осылайша Қазақстанда оқушылар сабақты онлайн емес, қашықтан оқиды.

“Бүкіл елді онлайн-стриминг арқылы қосу мүмкін емес екенін көзіміз жетті. Интернеттегі шешілмеген мәселелер барда онлайн сабақ өткізу тиімсіз. Көп ата-ана интернетке қосыла алмады. Байланыс үзіліп кетті. Қазақстандағы интернет 2,5 миллион баланы онлайн оқытқанға қауқарсыз екенін көрдік. Сондықтан онлайн сабақ өткізудің қажеті жоқ деп ойлаймыз. Онлайн сабақ болмайды, оның орнына басқа механизмдерді пайдаланамыз” деді Аймағамбетов.

Қашықтан оқыту қалай жүзеге асады?

Министр Асхат Aймағамбетовтың айтуынша, қашықтан оқыту төрт тетік бойынша жүзеге асырылады.

  • Телеарналар арқылы. (Балапан және Ел Арна). Сабақ арналарда екі тілде жүргізіледі. Күніне эфирде 8 сағат онлайн сабақ болады. Әр видеосабақ 10 минутқа жоспарланған.

Министрдің айтуынша қазір видеосабақтар түсіріліп жатыр. Қазірге дейін 500-ге жуық видеосабақ түсірілген. Жалпы видеосабақтың саны 3360 болмақ.

  • Радио арқылы. (Қазақ радиосы).

Аймағамбетовтың айтуынша, қазір министрлік тарапынан жазылған аудиосабақтар радиоға беріліп жатыр. Бұл теледидар болмаған жағдайда қолданатын қосымша құрал болмақ.

  • Почта арқылы. (Қазпочта АҚ).

“Қазақстанда 1200 мектебі жоқ елдімекен Қазпочта арқылы оқытылады”, – дейді министр. Кері байланыс та осы почта арқылы жүзеге аспақ.

  • Шағын жинақталған мектеп. (1080 мектеп). Шалғайдағы 80-100-ге жуық оқушысы бар мектептер жергілікті атқарушы органдарының қаулысымен 6 сәуірден бастап оқуын жалғастыратын болады.

Қазақстанда коронавирус тарауына байланысты мектеп оқушылары ертерек демалысқа шыққан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз