Әлемдегі ең бай адам компаниясының акцияларын сатты

0
148
Amazon басшысы Джефф Безос. Сурет: defensenews.com

Amazon.com Inc басшысы және негізін қалаушы Джефф Безос бес күн ішінде компанияның бағалы қағаздарын шамамен 3 млрд долларға сатқан. 

АҚШ бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссияға (SEC) жіберілген құжаттарға сәйкес, 1 және 2 тамызда Безос жалпы сомасы 990 млн доллар болатын бір акцияға 1,8 мыңнан 1,9 мың долларға дейінгі баға бойынша Amazon-ның 532 мыңға жуық акциясын сатты. Сондай-ақ, ол беймәлім коммерциялық емес ұйымның 268 акциясын да саудаға қойған.

29-31 шілдеде бизнесмен Amazon компаниясының миллионға жуық акцияларын сатудан 1,8 млрд доллардан астам пайда тапты.

Безостың өз компаниясының акцияларын не үшін сатқаны белгісіз. Алайда, FT жазғанындай, бұдан бұрын ол Blue Origin ғарыш компаниясына жыл сайын 1 миллиард доллар инвестиция салуға ниеті барын мәлімдеді, ал өткен жылы Безос мектепке дейінгі білім беруді жетілдіруге және баспанасыз отбасыларға көмектесуге бағытталған қайырымдылық қорын құруға 2 миллиард доллар бөлуге уәде берді.

Бір жыл бұрын Безос 150 миллиард доллардан асатын байлығы бар әлемдегі ең бай адам болды.Қаңтарда әйелінен ажырасқаннан кейін оның байлығы 110 миллиард долларға дейін қысқарды, бірақ ол Bloomberg нұсқасы бойынша әлемнің миллиардер тізімінде бірінші орынды сақтап қалды. Безостың Amazon-дағы үлесі 102 миллиард долларға бағаланады, ал оның бұрынғы әйелі Макензи Безостың үлесі 37 миллиард долларға тең.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз