ҚТЖ-ның монополиясына нүкте қойылуы мүмкін

0
15
фото: exk.kz

Жолаушыларды тасымалдау нарығында ҚТЖ-ға бәсекелес компаниялар пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Сенат отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев ҚТЖ-ның үлкен көлемді тасымалдауға кейде үлгермей жатқанын айтып, министрден тасымалдау секторына басқа компанияларды кіргізу жоспарда бар ма екенін сұрады.

“Иә, жоспарда бар. Қазір де нарықта басқа қазақстандық жекеменшік компаниялар бар. Олар: “Dar Rail”, “PTC”. Басқа ойыншыларды, соның ішінде халықаралық ойыншыларды тарту жоспарланған. Олар ҚТЖ-мен немесе басқа жеке компаниямен бірлесіп, не болмаса өздері нарыққа кіре алады”, – деп жауап берді Қарабаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз