Жанармай стансасының иелері электромобиль қуаттайтын орын ашуға міндеттеле ме

0
22
фото: Pixabay

Мәжіліс отырысында экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамытуға арналған Заң жобасы талқыланды. 

Заң жобасын депутат Самат Мұсабаев таныстырды.  

«Бүгінгі таңда электромобильдер әлемде кең таралып, оған деген сұраныс гимметриялық түрде өсуде. Электромобильдердің сатылымы 2020 жылы 3 240 000-ды құраса, 2023 жылы шамамен 17млн электромобильдер мен гибридті автомобильдер сатылып, соңғы үш жылда 5 есеге артқан», – дейді депутат.

Депутат әріптестерінің сауалына жауап бере отырып, жанармай стансаларының иелерін электромобиль қуаттайтын орын ашуға міндеттелмейтінін айтты.

Жалпы болашақта салынатын қалааралық жолдарға және айналма жолдарға электромобиль стансаларын орнатуға орын қарастырылады және электрмен жабдықталады.

Шыны керек, осыдан 10-15 жыл бұрын бізде тек дизель мен бензин құятын стансалар болды. Кейін олардың жанынан газ құятын орындар ашыла бастады. Яғни, бизнестің өзі реттеді. Қазір газ құю бойынша елімізде ешқандай проблема жоқ. Сондықтан бұл мәселеде де міндеттеу болмайды. Бизнестің өзі реттейді деген жобадамыз. Жанармай стансаларының жанында электр қуаты болса, бағаналар пайда болады деп ойлаймыз», – деп жауап берді Самат Мұсабаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз