Марадонаның жеке дәрігеріне қарсы қылмыстық іс қозғалды

0
207

Диего Марадонаның жеке дәрігері Леопольдо Лукеге қарсы Аргентина прокуратурасы адам өлімі айыбымен тергеу жұмыстарын бастап кетті. Бұл туралы tass.ru сайты хабарлады.

Леопольдо Лукеге “қасақана адам өлтірді” және “науқасқа дер кезінде көмек көрсетпеді” деген айыптар тағылды. Тергеу ісі дәрігердің жұмысына күмән келтірген Марадонаның қызының айғақтарына негізделген. Бұған дейін Марадонаның  адвокаты Матиас Морлада дәрігер жұмысына күмәнданған еді. 

Сот шешімі бойынша дәрігер үйінде тінту жүргізіліп, айғақ ретінде Марадонананың медициналық кітапшасы алынды.

Сол жақта тұрған Леопольдо Луке.

Аргентина ұлттық құрамасымен футболдан 1986 жылғы әлем чемпионы атанған Диего Марадона 25 қараша күні 60 жасында жүрегі тоқтап қайтыс болды. Аргентина президенті Альберто Фернандес футболшы Диего Марадонаның қайтыс болуына байланысты елде үш күн аза тұту жариялады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз