Өткен тәулікте тағы 800-ге жуық қазақстандық вирус жұқтырды

0
121

Қазақстанда өткен тәулікте 794 адамнан коронавирус, 43 адамнан пневмония табылды. Елде жалпы 131 659 адам коронавирус, 42 147 адам пневмония жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

30 қараша таңертеңгі ақпаратта 794 адам вирус жұқтырып, оның ішінде ең көп 125 адам Шығыс Қазақстан облысынан, 121 адам Павлодар облысынан және 108 адам Солтүстік Қазақстан облысынан табылды. Бұдан бөлек 274 адам індеттен жазылып, барлығы 116 461 адамға жетті. Ал, 7 адам ауру салдарынан қайтыс болып, жалпы 2034 адам өлді.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 164 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 905 бала бар.

Жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 54
Алматы қаласы – 70
Шымкент қаласы – 4
Ақмола облысы – 91
Ақтөбе облысы – 3
Алматы облысы – 32
Атырау облысы – 17
Шығыс Қазақстан облысы – 125
Жамбыл облысы – 11
Батыс Қазақстан облысы – 44
Қарағанды облысы – 25
Қостанай облысы – 87
Маңғыстау облысы – 1
Павлодар облысы – 121
Солтүстік Қазақстан облысы – 108
Түркістан облысы – 1

Жазылғандар тізімі аймақтар бойынша:
Ақтөбе облысы – 2
Атырау облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 180
Батыс Қазақстан облысы – 12
Қарағанды облысы – 20
Қостанай облысы – 2
Қызылорда облысы – 3
Павлодар облысы – 17
Солтүстік Қазақстан облысы – 35

Соңғы 24 сағатта коронавирус белгілері бар пневмониядан 41 адам емделіп, жалпы пневмониядан 30 535 адам жазылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз