Қазақстан университеттеріне 2020 жылдың 15 маусымынан 15 шілдесіне дейін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініш қабылдау басталды.
Тестілеу электронды форматта 1 — 15 тамыз аралығында өткізіледі.
Магистратура грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер 16 — 20 тамыз аралығында қабылданады.
Осы жылғы талапкерлер өтінішті ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы онлайн тапсырады.
Өтініш беру үшін:
- Тапсырушы мобильді деректер базасына тіркелуі қажет: https://egov.kz/cms/ru/articles/registration_mobilebase
- Содан кейін http://did.gov.kz сайтында Digital ID-сандық төлқұжат жасауы қажет (жеке басын растайтын құжат).
- Сандық төлқұжатты жасағаннан кейін түсуші https://pvo-zayav.testcenter.kz веб-сайтына өтіп, қажетті деректерді толтырып, тіркелуі керек.
- Сайтқа авторизация жасау үшін e-mail жазып, логин мен пароль аласыз.
- Көрсетілген поштаға тіркелу деректері жіберіледі. Логин мен пароліңізді енгізіп, “кіру “батырмасын басыңыз”. Егер хат келмесе, Спам қалташасын тексеріңіз.
- Сайтқа авторизация жасағаннан кейін, жеке басты куәландыру қажет. Ол үшін “жеке басын растау” тетігін басыңыз.
- Бұдан әрі сіздің ЖСН-іңіз бойынша ұлттық білім беру деректер базасында тексеру жүргізіледі. Сондай-ақ, тестілеуге өтінім беруді жалғастыру үшін қосымша мәліметтерді толтыру керек. — Тестілеу тілі — Ағылшын тілі бойынша сертификат — Байланыс телефон нөмері.
- Кешенді тестілеуге төлем бағдарламалық кешен арқылы онлайн жасалады. Кешенді тестілеуге қатысу құны – 8292 теңге. Төлемнің екі жолы бар: 1. Kaspi.kz қосымшасы арқылы:
Төлемдер – Білім – Ұлттық тестілеу орталығы — Тапсырыс нөмірін енгізіңіз 2. Банк картасы арқылы.