Қазақстанда магистратураға түсу үшін нені білу керек?

0
170

Қазақстан университеттеріне 2020 жылдың 15 маусымынан 15 шілдесіне дейін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініш қабылдау басталды.

Тестілеу электронды форматта 1 — 15 тамыз аралығында өткізіледі.

Магистратура грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер 16 — 20 тамыз аралығында қабылданады.

Осы жылғы талапкерлер өтінішті ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы онлайн тапсырады.

Өтініш беру үшін:

  1. Тапсырушы мобильді деректер базасына тіркелуі қажет: https://egov.kz/cms/ru/articles/registration_mobilebase
  2. Содан кейін http://did.gov.kz сайтында Digital ID-сандық төлқұжат жасауы қажет (жеке басын растайтын құжат).
  3. Сандық төлқұжатты жасағаннан кейін түсуші https://pvo-zayav.testcenter.kz веб-сайтына өтіп, қажетті деректерді толтырып, тіркелуі керек.
  4. Сайтқа авторизация жасау үшін e-mail жазып, логин мен пароль аласыз.
  5. Көрсетілген поштаға тіркелу деректері жіберіледі. Логин мен пароліңізді енгізіп, “кіру “батырмасын басыңыз”. Егер хат келмесе, Спам қалташасын тексеріңіз.
  6. Сайтқа авторизация жасағаннан кейін, жеке басты куәландыру қажет. Ол үшін “жеке басын растау” тетігін басыңыз.
  7. Бұдан әрі сіздің ЖСН-іңіз бойынша ұлттық білім беру деректер базасында тексеру жүргізіледі. Сондай-ақ, тестілеуге өтінім беруді жалғастыру үшін қосымша мәліметтерді толтыру керек. — Тестілеу тілі — Ағылшын тілі бойынша сертификат — Байланыс телефон нөмері.
  8. Кешенді тестілеуге төлем бағдарламалық кешен арқылы онлайн жасалады. Кешенді тестілеуге қатысу құны – 8292 теңге. Төлемнің екі жолы бар: 1. Kaspi.kz қосымшасы арқылы:
    Төлемдер – Білім – Ұлттық тестілеу орталығы — Тапсырыс нөмірін енгізіңіз 2. Банк картасы арқылы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз