Қазақстанда магистратураға тапсырушы нені білуі тиіс?

0
190
Сурет: freepik.com

Кешенді тестілеу қашан болады?

Осы жылы 37 920 адам тест тапсыруға өтініш қалдырған. Білім министрлігінің шешімі бойынша емтихан 1-15 тамыз аралығында болу керек, алайда 1, 2 тамыз демалыс болғандықтан, тестілеу 3 тамыздан басталады.

Емтихан қандай форматта өтеді?

Тест электронды форматта өтеді. Әр талапкер жеке компьютері арқылы аудиторияның толғанын күтпей, тестті өзі бастай берсе болады. Сондай-ақ, келесі сұраққа өтіп, жауап нұсқаларын алмастыра алады. Әрбір компьютерде бақылау камерасы бар. Осы арқылы комиссия тест тапсырушының шпаргалка немесе телефон қолданып немесе қолданбай отырғанын бақылайды.

Емтихан қайда болады?

Биыл кешенді тестілеу Қазақстанның 18 өңірінде өтеді:
1. Алматы – Райымбек, 196.
2. Атырау – Баймұханов, 45а.
3. Ақтау – 3 микрорайон, 75.
4. Ақтөбе – Арынов, 1.
5. Қарағанды – Ермеков, 28.
6. Көкшетау – Ақан-сері, 24.
7. Қостанай – Қобыланды батыр, 27.
8. Қызылорда – Тәжібаев, 18а.
9. Нұр-Сұлтан – Қонаев, 33/1.
10. Павлодар – Толстой, 99.
11. Петропавловск – Назарбаев, 274.
12. Семей – Гагарин, 158.
13. Талдықорған – Назарбаев, 173в.
14. Тараз – Жамбыл, 91.
15. Түркістан – Қожанов, 15.
16. Орал – Айталиев, 4, 1 құрылыс.
17. Өскемен – Қазақстан, 63.
18. Шымкент – Рыскұлов, 27/2.

Кешенді тестілеу қанша тапсырмадан тұрады?

Қазақ немесе орыс тілінде оқитындар үшін:
— шет тілінен тест – 50;
— критикалық ойлау – 15; аналитикалық ойлау – 15;
Мамандық бойынша пән – 50; олардың ішінде бірінші пән бойынша – 30; екінші пән бойынша – 20.
Ағылшын тілінде оқитындар шет тілінен тест тапмырмайды.

Тест тапсыруға қанша уақыт беріледі?

Қазақ немесе орыс тілінде оқитындар үшін – 3 сағат 55 минут;
Ағылшын тілінде оқитындар үшін – 2 сағат 40 минут.

Жалпы балл саны қандай?

Қазақ немесе орыс тілінде оқитындар үшін – 150 балл;
Ағылшын тілінде оқитындар үшін – 100 балл.

Апелляцияға қалай өтініш білдіруге болады?

Тест басталмас бұрын әрбір талапкердің қолына ақ парақ пен қалам беріледі. Тест барысында сұрақтың дұрыс қойылғандығына немесе берілген жауаппен келіспесеңіз параққа жазып алсаңыз болады. Тест аяқталғаннан кейін 30 минуттың ішінде апелляцияға беруіңіз керек.

Қандай жағдайда емтиханға кіргізбейді?

Егер талапкер тест тапсыратын орынға рұқсат етілмеген заттарды алып келсе комиссия оны емтиханға кіргізбеуге құқылы.
Рұқсат етілмеген заттар:
— ұялы телефон;
— құлаққап;
— оқулықтар мен шпаргалкалар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз