Қазақстандағы шетелдік мұғалімдер вакцина салдырды (видео)

0
449
Spectrum халықаралық мектебінің мұғалімі Альберт Лоддо вакцинация алдында тексерістен өтіп жатыр.

17 наурызда Нұр-Сұлтандағы Spectrum халықаралық мектебінің шетелдік мұғалімдері 7-ші ауруханада коронавирусқа қарсы “Спутник V” вакцинасын салдырды.

Англиялық Альберт мұғалімнің жағдайы қалыпты. Біраз кері реакция бола ма деп шамалы уайымдайды екен. Үйінде жалғыз тұрғандықтан “ауыра қалсам қарайтын ешкім жоқ, біраз қауіпті” дейді.

“Спутник V туралы жақсы пікірдемін. Менің ойымша 21 ғасырдағы вакцина жасау технологиясы жақсы дамыған. Жағдай ушыққанда кез келген вакцинаның пайдасы тиеді деп ойлаймын. Pfizer-дің де AstraZeneka-ның да өз кемшілігі бар. Меніңше бастысы екпе жасату. Қалғаны маңызды емес”, – деді Альберт Лоддо.

Екпе бөлмесіне кезекте тұрған шетелдік мұғалімдер.

“Менде бәрі жақсы. Қазақстанға келмей тұрып бірнеше вакцина салдырғанмын. Бірақ ол екпелерді алғаныма талай жыл өтті. Қазіргілерін білмеймін, бәрі жақсы болады деп ойлаймын”, – дейді Александр Крайтон.

Вакцина салдыратын мұғалімдерді тіркеп отырған медицина қызметкері.

“Бұған дейін ешқандай вакцина салдырмадым. Жалпы екпе жасатуға көзқарасым оң. Қазақстанда тұрып жатқаныма 5 жыл болды. Кейінгі екі жыл карантинге байланысты еліме қайтпадым. Негізі әр жаз сайын туған жеріме барып қайтамын. Биыл ковидке байланысты бара алмадым. Жалпы жағдайым жаман емес”, – деді Дэвид Ки. 

Spectrum халықаралық мектебінің дәрігері Жұлдыз Үмбетованың айтуынша ковидке қарсы екпе жасатқан 32 мұғалімнің жағдайы жақсы.

“Мұғалімдермен бірге хабар алмасатын тобымыз бар. Gmail арқылы байланысып тұрамыз. Барлығының жағдайын сұрадым. Ешкімде температура болмаған. Жалпы да жергілікті де ешқандай реакция байқалмаған. Барлығы жақсы”, – деді дәрігер.

Оқи отырыңыз: Мұғалімдерге вакцина салу басталды

Қазақстанда 1 наурыздан бастап мұғалімдерге коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация басталды. КВИ-дан алғашқы екпені елордалық №27 және №50 мектептердің мұғалімдері алған.

Abdimanap KENES

Merey KENZHEGALI

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз