Ұлттық банк Назарбаевтың суреті бар монета шығарды

0
398
Photo: nationalbank.kz

Қазақстан Ұлттық банкі бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген “Qazaqstannyń astanasy — Nur-Sultan” атты коллекциялық монета шығарды.

Ұлттық банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаевтың портреті бар 1000 теңгелік монета “көрнекті оқиғалар мен адамдар” сериясына жатады.

Монета 999/1000 (16 грамм) алтын сынамасының құрамдас бөлігімен 925/1000 (46,2 грамм) сынамалы күмістен жасалған.

Өндіріс сапасы —  proof.

Диаметрі — 50 миллиметр.

Тиражы — 1 000 дана.

“Монеталар Қазақстанның бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша және елдің барлық банкіндегі шоттарда, аударымдарда, айырбастауда және айырбас қабылдануда міндетті.
Монеталар кәдесый қаптамасында шығарылады және Ұлттық банктің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен қолданысқа енеді.” – делінген Ұлттық банк таратқан ақпаратта.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз