Шығыс Қазақстанда 70-тен астам оқушы уланып, мектеп жабылды

0
290
Photo: Facebook/bilimvko.gov.kz

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылындағы мектепте 72 оқушының дене қызуы көтеріліп, іші ауырған. 38-і ауруханаға түскен. Бұл туралы облыстың білім басқармасы хабарлады.

Оқушылар мектеп асханасында уланған болуы мүмкін деген болжам айтылады. Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 304-бап 1-бөлігі бойынша (“Санитария қағидалары немесе гигиеналық нормативтерді бұзу”) іс қозғалған.

Білім басқармасының мәліметінше, оқушылардан “дене қызуының көтерілуі, құсу мен диарея” белгілері байқалған.

“Алдын ала диагноз: ішек немесе энтеровирустық инфекциясы. Мектеп асханасында тамақтануды жеке кәсіпкер-жалға алушы ұйымдастырады” делінген облыстық басқармасы таратқан хабарламада.

18 наурызда мектеп жабылған. Бала саны 300-ден аспайтын мектеп офлайн оқып келген.

“Бақылауды әлсіреткені үшін аудандық білім бөлімінің басшысы мен мектеп директоры қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Аудан әкімдігі мен білім басқармасы балалардың улану себептері мен жағдайларын зерттеу бойынша ведомствоаралық комиссия құрды” делінген ШҚО білім беру басқармасы хабарламасында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз