Білім саласының мамандары Астанада бас қосты

0
362

8 қараша күні Астанада, «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен республикалық деңгейде конференция ұйымдастырылды.

Жиынның тақырыбы «Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында сапалы білім беру жолдары» деп аталады.

Іс-шара қор мен «Білім-Инновация» лицейлеріне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Мақсаты білім беру ісінің жағдайы мен сапалы білім беру жолдарын талқылау болды. Жиында ғылым жəне білім саласында қызмет ететін 80-ге жуық маман болды.

Олардың ішінде физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Асқар Жұмаділдаев, Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев, Экономикалық зерттеулер институты АҚ басқарма төрағасының орынбасары Əділ Құсманов, Қазақстандық қоғам қайраткері Рауан Кенжехан, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы және т.б., білім мен ғылым саласында орны бар ғалымдар, профессорлар, Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, Басқарма басшылары, ЖОО басшылары баяндама оқып, тәжірибесімен бөлісті.

«Әлем қарқынды дамып жатыр. Бірақ сонымен бірге проблемалар да туындап жатыр. Мысалы экологиялық және білім саласында мәселелер туындауда. Ауылдағы балалар мен қаладағы балалардың ара-қашықтығы өсіп жатыр. Кейбір балалардың білім алуға мүмкіндігі шектеулі. Осыған орай Біріккен Ұлттар Ұйымы 196 мемлекетті жинап, бұл мәселені шешу үшін конференция жасады. Сол жиында 2030 жылға дейін шешілуі керек 17 мақсат белгіленді. Бұған «тұрақты даму мақсаттары» деген ат берілді. Бүгінгі жиын осы мақсаттар жөнінде, оның ішінде білім саласында 2030 жылға дейін біз не істей аламыз деген сұрақты қамтиды», – дейді “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” ХҚҚ оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі вице-президент Қуат Қожахметов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз