Путиннің Қазақстанға не үшін келгені белгілі болды

0
54

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей президенті Владимир Путинді елорда әуежайында қарсы алды.

Одан кейін, сағат 13:00-ге жоспарланған салтанатты түрде қарсы алу рәсімі, «Ақорда» резиденциясында сағат 13:45-те басталды. Қарсы алу сәтінде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс кулуарында премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, журналистердің Путиннің Қазақстанға не үшін келе жатқаны туралы қойған сұрағына жауап берген болатын.

«Біз онда ең алдымен, бизнестегі проблемаларды талқылаймыз. Бұл форумда ауыл шаруашылығына арналған үлкен мәселе бар. Бұл ауыл шаруашылығын цифрландыру және ауыл шаруашылығындағы жастар мәселесі. Сондықтан мұнда қандай саясат болуы мүмкін? Мұнда біз талқылайтын таза экономикалық және сауда қатынастары болады. Сарапшылар мен өңірлердің басшылары келеді, өңіраралық келісімдерге қол қойылады. Менің ойымша, бұл екі елге де пайдалы», – дейді сауда және интеграция министрі.

Құрмет қарауылының президентті қарсы алуға дайындық сәті
Қазақстан делегациясы
Ресей делегациясы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз