Қазақстанда келесі жылдан бастап шетелдік вакциналар ақылы болады

0
168
Photo: NY Times

Жұма күні өткен баспасөз брифингінде Қазақстан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой келесі жылдан бастап елдегі коронавирусқа қарсы шетелдік екпелер ақылы болатынын мәлімдеді.

– Қазақстан өзінде вакцина шығарып жатыр (QazVac, Спутник V – ред.). Әрі бұл екпелердің клиникалық тиімділігі дәлелденді. Бұл вакциналар кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында сатып алынады. Ал қалған екпелер, тұмауға қарсы вакцина сияқты коммерциялық айналымға шығады. Қазір компанияларды Қазақстан нарығында екпелерін сатуға үгіттеп жатырмыз, – деді Цой.

6 қазан күні денсаулық сақтау министрі коронавирусқа қарсы Pfizer екпесінің 4 миллион дозасын елге жеткізу бойынша ақырғы келісім жасалғанын хабарлаған еді. Германиялық ғалымдар ойлап тауып, АҚШ-та шығатын бұл екпенің тиімділігі 95 пайыздан асады. Pfizer – ДДСҰ мен Еуропа алғаш мойындаған вакциналардың бірі.

15 қазандағы ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін алғандар саны 7 миллионнан асқан. Бұл халықтың – 37 пайызы. Министрлік жыл соңына дейін 11 миллионнан аса адамға екпе салуды жоспарлап отыр.

Елде 20 қарашадан соң ревакцинация науқаны басталады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз