Шымкентте республикалық ата-аналар форумы өтті

0
325
Шымкентте өтіп жатқан республикалық ата-аналар форумының спикерлері. Photo: H-news.kz

Шымкенттегі “Rixos Khadisha” қонақ үйінде “Ата-ана – ұлттың ұясы” атты республикалық ата-аналар форумы өтті. Бұл жөнінде HalyqNews-ке сілтеме жасап Қазақньюс хабарлады. 

Жиынға Қазақстан білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Таңатқызы (zoom арқылы), “Сенімен Болашақ” республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, қоғам қайраткері Нұркен Асанов, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, “Білім-Инновация” Халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев қатысты.

Форумға Тараз қаласынан келген ата-аналар.

“Форумда республикамыздың білікті бала тәрбиесінің коуч-тренерлері мен эксперт мамандарының бақытты ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелерінен алар дүниелеріміз көп болды. Колледж директоры Әлішер ағайымызға үлкен рақмет!!! Шымкентте форумға жиналған 800 адамның ішінен бізді іздеп,тауып алып жанымызда болды. Жақсы күндеріміз көп болсын” – деді тараздық ата-ана Айгерім ханым.

Форумда бала тәрбиесіндегі эксперт-маман Елжас Ертайұлы, отбасылық коуч Асхат Абжанов, “Сенімен Болашақ” республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, отбасы маманы, педагог  Ғалымбек Бермағанбетов секілді мамандар отбасы, бала тәрбиесіне қатысты тренинг өткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз