Кейінгі аптада Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты елдің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов халыққа үндеу жасады.
Екі мегаполисте ковидпен ауырғандар жалпы ел бойынша 55%-ды көрсеткен.
Ерлан Қиясов алдағы мереке және демалыс күндері мынадай кеңестер берді:
● Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына барудан бас тарту;
● халық көп жиналатын орындарға бармау, мереке күндерін жақын адамдардың арасында өткізу;
● қонақ шақырудан және қонаққа барудан бас тарту;
● жіті респираторлық инфекциялармен ауыратын адамдармен тығыз байланыста болмау;
● әлеуметтік қашықтықты, маска кию режимін сақтау;
● шетелге барудан бас тарту.