Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавирус жұқтырғандар көбейді

0
304
Photo: Turar Kazangapov

21 наурызда Қазақстанда 1208 адамнан коронавирус табылды. 21 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 7 адам – коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 22 наурыз күні хабарлады.

Өткен тәулікте ең көп науқас Нұр-Сұлтан (203) және Алматы (410) қалаларында тіркелген. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жүзге жетпейді.

Наурыздан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 232 906 адамға жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 7 айға жуық уақыт ішінде 50 121 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 662 адам қайтыс болған. 46 373 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 21 314 адам (оның ішінде 3086 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 287 адамның жағдайы ауыр, 65 науқастың жағдайы өте ауыр. 35 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз