Ұрланған гаджетті тез табудың әдістері

0
215

Күнделікті өмір қарқынымен асығып жүріп кейде ұялы телефонымызды таксиде, кафеде немесе автобуста қалай ұмытып кеткенімізді немесе қалтамыздан қалай ұрлатып алғанымызды байқамай қаламыз. 

Осыған байланысты “Интеллектуальный Резерв” компаниясының директоры Павел Мясоедов Прайм агенттігіне ұрланған гаджетті табудың әдістерімен бөлісті.

Трекинг – Ios және Android платформасындағы бағдарлама

Егер, телефоныңызды ұрлатып алғаныңызға сенімді болсаңыз, алдымен компьютер арқылы Ios немесе Android (телефоныңыздың бағдарламасы) платформасының веб-сайтында жеке кабинетіңізге* кіріп, құрылғының соңғы рет қай жерде қолданылғанын көре аласыз. 

*Жеке кабинетіңіз туралы ақпаратты телефон сатып алған кезде біле аласыз.

Телефонды қашықтан құлыптау

Samsung және Apple компаниялары телефонды қашықтан құлыптау функциясына ие. Осы арқылы телефонды қолданыстан шығарады және экранға ұрланған затты қайтару туралы ескерту шығады. 

“Әрине, экрандағы ескертуді көргеннің өзінде ұрлықшы оны қайтармауы мүмкін. Сол үшін дереу полицияға арыз жазғаныңыз жөн”,- дейді сарапшы маман.

IMEI нөмірі

Гаджетіңізді табудың тағы бір әдісі IMEI нөмірі арқылы іздеу. Әрбір мобильді құрылғыда бірегей сәйкестендіру нөмірі бар. IMEI нөмір, SIM-картаны ауыстырсада өзгермейді. Сол себепті, қоңырау шалған сәтте байланыс операторы бұл нөмірді көре алады. Керек болған жағдайда полиция қызметкерлері мұны байланыс операторларынан ала алады. 

“Алайда, арнайы құралдарды қолдана отырып, тіпті IMEI де өшірілетінін түсіну керек, егер оны өшірсе құрылғыны табу мүмкін емес болады. Сондықтан полицияға арыз беріп, мобильді құрылғыны іздеуді кешіктіруге болмайды”,- деді сарапшы Павел Мясоедов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз