“Астана” өз алаңында “Каспий” командасын 2-0 есебімен жеңді

0
124

Футболдан Olimpbet – Қазақстан чемпионатының екінші турында нұрсұлтандық “Астана” өз алаңында маңғыстаулық “Каспий” командасын 2:0 есебімен жеңді.

Алғашқы таймның 17 минутында Макс Эбонг алыстан қақпаға тура бағыттап есеп ашты. 1 таймның соңында пенальтиден Марин Томасов гол соғып есепті 2:0-ге жеткізді.

Марин Томасов пенальти орындап жатыр
Марин Томасов пенальти орындап жатыр
Макс Эбонг гол салған сәті

Осылайша Андрей Тихонов жаттықтырған жігіттер 2 турдан кейін 4 ұпай жинады. Ал, маңғыстаулық команда есебінде әзірше тек 1 ұпай. “Астана” командасы 5 сәуір күні сырт алаңда “Тобыл” командасына қарсы ойнайды. Ал, “Каспий” болса өз алаңында “Жетісу” командасын қабылдайды. 

Атап өтейік, ойын Нұр-Сұлтан қаласындағы “Астана арена” стадионында карантиндік шараларға байланысты жанкүйерлерсіз өтті.

команда капитандары
Абзал Бейсебеков “Астана” командасының капитаны

армениялық Тигран Барсегян

Қосымша оқи отырыңыз – 2021 жылғы футбол маусымының күнтізбесі жарияланды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз