Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингит инфекциясының бекітілген іс-шараларды қадағалау мақсатында Алматы қаласына іс-сапармен баратынын айтты.
Министр Елжан Біртанов «Бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқан іс-шаралардың тиімділігін бағалау мақсатында мен бүгін Алматы қаласы мен Алматы облысына сапарға шығуды жоспарлап отырмын. Іссапар қорытындысы бойынша қажет болған жағдайда қабылданатын шараларға өзгерістер енгізілетін болады», деп мәлімдеді.
Еске саламыз, жалпы жылдың басынан бері Республикада жылдың басынан бері өлім қаупі жоғары бактериялық менингококк инфекциясы күдігімен 593 адам қаралған. Олардың ішінде 213 адам емделуге ауруханаға жатқызылды. Олардың арасында 58 науқаста менингит ауруы расталды. 14 жасқа толмаған жиырма бір бала менингит ауруына шалдыққан. Қазіргі таңда 10 адам ауруханадан емделіп шығарылды. 55 адам әлі де ем қабылдауда. Қауіпті ауру салдарынан 13 адам көз жұмды. Оның ішінде Алматы облыссында 4, Қызылорда облысында 1, Оңтүстік Қазақстан облысында 2 және Алматы қаласында 6 адам. Өкінішке орай аурудан көз жұмғандардың арасында балалар саны басымырақ.