«Астана – бейбітшілік қаласы» атты халықаралық конференция өтуде

0
223

Елордада Астананның 20 жылдығына арналған «Астана – бейбітшілік қаласы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды.

Елбасы кітапханасының ҚР Сыртқы істер министрлігімен, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорымен бірлесе отырып ұйымдастырған шараға шет мемлекеттердің саясаткерлері мен беделді сарапшылар, Астананың тұңғыш әкімі Әділбек Жақсыбеков, ҚР СІМ Қайрат Әбдірахманов, Италияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Франко Фраттини, Ислам ынтымақтастық ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Экмелледин Ихсаноглу, Шанхай ынтымақтастық ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Мұратбек Иманалиев, БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Рамзи Еззельдин Рамзи және Парламент депутаттары қатысуда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз