Мемлекет басшысы Ердоғанмен телефон арқылы тілдесті

0
65

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы тілдесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Түркия тарапы бастамашы болған әңгімелесу барысында екі мемлекет басшылары екі жақты ынтымақтастықтың және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқыға салды.

Мемлекет басшысы Ердоғанды ағымдағы жылдың 12 маусымында өтетін ТАNAP газ құбыр желісін Түркияның Эскишехир қаласында ресми пайдалануға берілуімен құттықтап, бұл жоба Түркия Республикасының транзиттік әлеуетін арттыруға және оның экономикалық дамуына айтарлықтай әсер ететініне сенім білдірді.

Бұдан басқа, Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайып Ердоган екі ел арасындағы конструктивті диалогты одан әрі тереңдету мәселелерін қарастырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз