Гватемалада Фуэго жанартауының атқылауы кесірінен опат болған адам саны 69-ға жетті.

Бұл туралы Associated Press агенттігі Орталық Америка елінің билігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Осыған дейін қаза тапқандарың саны 65 деп берілген еді.

Төтенше жағдайды реттейтін қызметтер іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Бара-бара бұл көрсеткіш артады деп күтілуде. Биліктің дерегінше, жанартаудың атқылауынан 1 млн 700 мың адам зардап шеккен. Әзірше жанартау нұқсан келтірген материалдық шығын көлемі жайында мәлімет жоқ.

Адамдардың опат болуына байланысты Гватемалада үш күндік аза тұту жарияланды.

Теңіз деңгейінен 3 мың 763 м биіктікте орналасқан Фуэго Гватемаладағы ең белсенді  жанартаулар тізіміне кіреді. Жанартау ел астанасынан оңтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде орын тепкен.

Бұл – Фуэгоның қаңтар айынан бергі екінші мәрте бұлқынуы.

Бауыржан Мұқан

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз