Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыруға арналған баспасөз мәслихатында «Еліміздегі барлық денсаулық сақтау мекемелерінде 2019 – жылдан бостап “е-Денсаулық” электронды құжаты енгізілетін болады», деп мәлімдеді Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының бас директоры Олжас Әбішев
Олжас Әбішевтың айтуы бойынша алдағы уақытта дәрігерлер түгелдей қағазбастылықтан құтылатын болады.
Электронды денсаулық сақтау орталығының директоры «Қазіргі таңда ақпараттық жүйелер мен техникалық жабдықтауға арлалған дайындықтар жүріп жатыр. Аталған жоспар келер жылдан бастап кезең-кезеңмен жүйеге енгізілетін болады. Сонымен қоса электронды құжатта әр адамның денсаулығына қатысты ақпарат арнайы медициналық код арқылы жазылатын болады. Сол арқылы емделуші әлемнің кез келген еліндегі емхана қызметіне жүгіне алады», дейді баспасөз конференциясында.
Жадыра Аманбайқызы