ДСМ: Pfizer вакцинасы Қазақстанға келесі апта келеді

0
187
photo: rbc.ru / pfizer

Бейсенбі күні денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Pfizer компаниясы Қазақстанға коронавирусқа қарсы вакцинасын 14 қарашаға дейін жеткізуге уәде бергенін айтты. Бұл жөнінде Vlast.kz сайты хабарлады.

“Pfizer вакцинасы 8-14 қараша аралығында жеткізілуі тиіс” деді Шоранов. 

Вице-министрдің сөзінше, Қазақстан мен Pfizer арасында жасалған келісімге сай екпе тасымалданады. Елге 4 млн вакцина жеткізіледі. Ол 2 млн адамға екпе егуге жетеді.

6 қазанда денсаулық сақтау министрі коронавирусқа қарсы Pfizer екпесінің 4 миллион дозасын елге жеткізу бойынша келісім жасалғанын хабарлаған еді. Германиялық ғалымдар ойлап тауып, АҚШ-та шығарылатын бұл екпенің тиімділігі 95 пайыздан асады. Pfizer – ДДСҰ мен Еуропа алғаш мойындаған вакциналардың бірі.

Қазақстанда бұл вакцина бірінші кезекте 12-17 жастағы жасөспірімдерге және жүкті әйелдерге салынады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз