TEQBall: Қазақстанда оқушылар арасында жаңа спорт түрінен турнир өтті

1
572

2-3 қарашада Нұр-Сұлтан “Білім-Инновация” мектебінде “Білім-инновация” және “Білім Орда” халықаралық қоғамдық қорларының ұйымдастыруымен оқушылар арасында республикалық Текбол жарысы өтті.

Текбол – футбол мен үстел теннисі элементтерін біріктіретін қызықты ойын. Мұнда әдеттегі футбол добынан бөлек, арнайы әзірленген текборд үстелі қажет. Сайыс оқушыларды осы спортқа баулып, әлемдік деңгейде жарыстарға қатыстыруды мақсат етеді.

“Қазақстанда осындай турнир оқушылар арасында алғаш рет болып жатыр. Бірінші рет болғандықтан жаңаша әсер байқауға болады. Енді үйреніп жатырмыз. Осы жарысты дәстүрге айналдырамыз деген үмітіміз бар. Негізгі мақсатымыз оқушыларды осы спорт түрінен әлемдік деңгейге шығару” – дейді “Білім-инновация” халықаралық қоғамдық қорының дене шынықтыру пәні әдіскері Зайсанбаев Төлеген. 

Екі күнге созылған Текбол жарысына 8 аймақтан “Білім-инновация” лицейі оқушыларынан 11 команда қатысты. Олар Нұр-Сұлтан, Шымкент, Екібастұз, Есік қалаларынан және Алматы, Жезқазған, Қостанай, Семей облыстарынан келді.

Жарыс қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан “Білім-инновация” лицейінің оқушылары жеңімпаз атанды. Ал, Екібастұз көптілді лицей-интернатының оқушылары күміс жүлдеге ие болды.

Нұр-Сұлтан “Білім-инновация” лицейінің оқушылары жетекшілері дене шынықтыру пәні мұғалімі Зайсанбаев Төлегенмен бірге.

Бұдан бөлек Есік БИЛ-дің екінші құрамасы, Қостанай және Алматы БИЛ оқушылары қола жүлдегер атанды. Ал, Есік БИЛ-дің бірінші құрамасы екінші күміс жүлдегер атанды. Осылайша бір алтын, екі күміс, үш қола жүлдегер анықталды. Оқушыларды Қазақстан Текбол федерациясының бас хатшысы Әлімжан Ақаев, “Білім-инновация” халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті Нұрбол Төлебаев және Нұр-Сұлтан БИЛ директоры Эльбрус Пириев марапаттады.

Жарысқа қатысқан оқушыларға марапаттаудан бөлек түрлі сыйлықтар табысталды.

1 ПІКІР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз