“Ведомствоаралық комиссияның тапсырмасына сәйкес, Comirnaty (Pfizer) вакцинасын халықтың қалауы бойынша ақылы негізде вакцинациялау бойынша коммерциялық нарықта өткізу мүмкіндігі туралы Үкімет қаулысының жобасы әзірленді”- дейді министр Цой.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін министрлік бірінші кезекте препарат жүкті әйелдерге, бала емізетін әйелдерге және 12 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерге ата-аналарының келісімімен тегін салынатынын хабарлады. Ал аталған санаттағылардан бөлек қазақстандықтарға ендігі Pfizer вакцинасы ақылы түрде салынуы мүмкін.
Республиканың 7 өңірінде аталған вакцинаны салу жүргізілуде, бұл – Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстары және Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары.