Министр: Pfizer вакцинасы ақылы түрде салынуы мүмкін

0
291
Алексей Цой. Photo: primeminister.kz

Қазақстандықтардың қалауы бойынша Comirnaty (Pfizer) вакцинасы ақылы түрде салынуы мүмкін. Бұл туралы 16 қарашада үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.

“Ведомствоаралық комиссияның тапсырмасына сәйкес, Comirnaty (Pfizer) вакцинасын халықтың қалауы бойынша ақылы негізде вакцинациялау бойынша коммерциялық нарықта өткізу мүмкіндігі туралы Үкімет қаулысының жобасы әзірленді”- дейді министр Цой.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін министрлік бірінші кезекте препарат жүкті әйелдерге, бала емізетін әйелдерге және 12 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерге ата-аналарының келісімімен тегін салынатынын хабарлады. Ал аталған санаттағылардан бөлек қазақстандықтарға ендігі Pfizer вакцинасы ақылы түрде салынуы мүмкін.

“Бүгінде елімізге Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 379 мың дозасы әкелінді. Екінші партияны жеткізу 20 қарашаға дейін жоспарланып отыр”- делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Республиканың 7 өңірінде аталған вакцинаны салу жүргізілуде, бұл – Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстары және Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз