Таблетка түріндегі коронавирусқа қарсы вакцина Израильде сынақтан өтеді

0
256

Тамыз айының басында Израильде таблетка түріндегі коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан өтеді. Бұл туралы Мedical Хpress сайты хабарлады.

Израильдік Oramed фармацевтикалық компаниясының бас директоры Надав Кидрон таблетка түріндегі коронавирусқа қарсы вакцинаның клиникалық сынағы тамыз айының басында болатынын хабарлады. Надавтың айтуынша вакцинаның тиімділігін анықтау үшін оны көп адам қолдануы тиіс. Бұдан бөлек таблетка түріндегі вакцина шприцтер мен пластикалық қалдықтарды азайтады және екпе алғанда болатын жанама әсерлердің аз болатынын айтады.

Қазіргі таңда таблеткалық вакцинаға “Oravax” есімі берілген. Бұл вакцинаның артықшылығы адамдарды коронавирустан ұзақ уақытқа дейін қорғайды. Егер сынақ сәтті шығатын болса қазіргі таңда ДДСҰ мақұлдаған “Pfizer”, “Astra Zeneca” секілді қолданыстағы вакциналардан да тиімдірек болуы мүмкін.

“Компаниямыз көптеген елдерде сынақтарды бастауға өтініш берді және денсаулық сақтау министрлігінің мақұлдауын күтіп, бірнеше апта ішінде Израильде алғашқы сынақтарын бастайды” – деді Надав Кидрон

photo: medicalxpress.com / Oramed фармацевтикалық компаниясының бас директоры Надав Кидрон

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз