1 грамы 200 мың доллар: Әлемдегі ең қымбат металдардың бірі Қазақстанда өндіріледі

0
1,752
фото: ngs.geology.kz

Әлемдегі ең ауыр және ең қымбат металдардың бірі Осмийді тек Қазақстан экспорттайды. Қазақстаннан бөлек оны АҚШ, Аустралия, Канада және Колумбияда өндіреді. Оның нарықтағы бағасы 1 грамм үшін шамамен 10-200 мың аралығында АҚШ долларын құрайды.

Бұл метал өте тығыз орналасқандықтан массасы да ауыр болып келеді. Мысалы, көлемі шамамен сіріңке қорабымен бірдей осмий металының салмағы 1 кг-нан асып кетеді. Бұған қарамастан металл радиоактивті емес.

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы №349-I «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңының 12-бабы 10 тармағына сәйкес металлургия өнеркәсібінің сирек кездесетін металдарды немесе стратегиялық маңызы бар басқа да материалдарды, соның ішінде осмийдің қоры, оның өндірісі мен экспорты, оны алу жолдары туралы ақпарат мемлекеттік құпияларға жатқызылады.

Қазақстанда Осмий-187 изотобын «Жезқазғансирекмет» ШЖҚ РМК республиканың стратегиялық және экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында құрылған кәсіпорны өндіреді. Одан түскен қаражат тікелей мемлекет қазынасына кетеді.

Бұдан бөлек, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ әлемнің бериллий өндірісіндегі толық циклді 4 кәсіпорнының бірі болып табылады. Бериллий өнімдері Германия, Жапония, Қытай, АҚШ, Ресей және Швейцарияға экспортталады және аэроғарыш, атом және термоядролық энергетика, мұнай және газ өндіру, сондай-ақ радиоэлектроникада қолданылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз