Голландия соты Ұлттық қордың бұғатталған 22 млрд долларына шектеуді жойды

0
192
дереккөзден

Голландиялық сот 22 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі Ұлттық қордың активтеріне шектеу қою туралы шешімнің күшін жойды.

Әділет министрлігі таратқан ақпарға сәйкес, 2018 жылғы 23 қаңтарда Амстердам қаласы Округтік соты Bank of New York Mellon банкінің кастодиалдық сақтауындағы Ұлттық қордың активтерінен шектеуді жою жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің өтінішхатын қанағаттандырды.

Сот Ұлттық банктің және процесте үшінші тарап ретінде қатысқан ҚР Әділет министрлігінің ұстанымын мойындап, Ұлттық қорға қол сұғылмайтындағын мәлімдеді.

Нидерландының сот органдары бұдан бұрын Статиге дәл осы активтерге шектеу қоюдан бас тартқан болатын. Стати бұл фактілерді жасыра отырып, сотты жаңылыстырған.

Сонымен қатар, сот Статиге қазақстандық тарапқа сот шығындарын өтеуін ұйғарды.

Бельгияның сот органдары да алдын ала шектеу қойды. Оған шағым жасау жөніндегі жұмыс белгіленген тәртіпте жалғастырылуда, деп мәлімдейді Әділет министрлігі.

Атап өтерлігі, өткен жылдың 8 қыркүйегінде Амстердам соты Қазақстан Республикасы мен Ұлттық қордың Нидерландыдағы Bank of New York Mellon банкіне қатынасы бойынша барлық талаптарын уақытша бұғаттау туралы Стади өтінішін қанағаттандырған еді. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз