АҚШ пен Қытай арасындағы сауда дауы мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасының өсуіне әсер етті. Бұл туралы lsm.kz хабарлайды.
ICE мәліметтеріне сәйкес, Brent мұнайының бағасы 3% -ға артып, барреліне 69 долларға жетті. Маусымдық фьючерстер бағасы 69,01 долларды құрады.
Ағымдағы жылдың наурыз айында отандық мұнай бағасы да едәуір қымбаттады. Бұл көрсеткіш ақпан айымен салыстырғанда 1,8%-ға өсіп, 52,4 миллион теңгені құрады.
Наурыз айындағы көрсеткіш Республика бойынша ең қымбат мұнай Қызылордада тіркелген. Шикізат көлемі тоннасына 76,2 мың теңгеге бағаланып,жыл басынан бері 10,8% өсті. Ақтөбе мұнайы тоннасына 15,7%, Маңғыстау мұнайы – 17,1%, Атырау мұнайы- 1,5%-ға дейін қымбаттады.
Жыл басынан бері отандық мұнайдың бағасы 6,9% өскен.